АҚШ-та мерекелік шаралар шегеріліп жатыр

Омикронның өршуіне байланысты АҚШ-тың бірнеше қаласында жаңажылдық шараларға шектеулер қойылып, кейбірі мүлдем болмайтын болды.

Мәселен, Атланта әкімшілігі 30 жылдық тарихы бар дәстүрлі жаңа жылдық кері санақты өткізуден бас тартты. Сан-Францискодаға отшашуды да американдықтар екінші жыл қатарынан тамашалай алмайды. Қала басшыларының айтуынша, қоғамның қауіпсіздігі мен қатерлі індеттің таралуына жол бермеу үшін жасалған шешім бұл. Ал Чикаго, Лас-Вегас, және Нью-Йорк сияқты қалаларда жаңа жылдық шаралар өткенімен, қатаң шектеулер қойылуда. Мәселен, Таймс Сквердегі кристалды шарды тамашалау үшін толықтай вакциналанып, ковид паспортын көрсетуіңіз керек. Сонымен қатар шараға әдеттегідей 60 мың адам емес, 15 мың адамға ғана қатысуға рұқсат етіледі. Ал дәрігерлер болса, жаңа жылдық шараларды онлайн форматта тамашалап, мерекені отбасының айналасында қарсы алуға кеңес беруде.

Джонатан Рейнер, дәрігер:

- Таймс Сквердегі жаңа жылдық шараларға тыйым салу керек еді деп ойлаймын. Себебі адамдар ол жерге бару үшін қоғамдық көлікке мінеді, топтасып жүреді. Ал бұл өте қауіпті. Қазір той-тойлап жүретін уақыт емес.