АҚШ-та жүздеген үй өртке оранды

АҚШ-тың Колорадо штатында, орманда тұтанған от елді мекендерге жетіп, жүздеген үйді күлге айналдырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тілсіз жау ие бермеген соң ондаған тұрғын шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, оттың тез өршуіне , күшті жел әсер еткен. Баспаналардан басқа дүкендер, қонақ үйлер мен автоорталықтар да зиян шекті. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ормандағы өртке, желдің екпінінен үзілген электр сымы себеп. Құрғақ шөп жанып, өрт ие бермей кеткен. Қазір Денвер қаласының маңында, төтенше жағдай жарияланды. Бұл аймақта биыл қар,өте кеш жауған.

Джо Пелле, Боулдер округінің шерифі:

– Абырой болғанда, кісі өлімі болған жоқ. Бір адам жоғалып кеткен еді, ол да табылды. Қазір жағдайы жақсы. Осыларға қарап, жаңа жылдық ғажайып болған секілді.