Польшада БАҚ туралы заң жобасы халықтың наразылығын туғызды

Қоғамның жаппай наразылығын туғызған медиа туралы заң кері қайтарылып, көрермендер қуанып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Шетелдік капиталдың жергілікті теле-радио компанияларды басқаруын шектейтін құжатқа президент Анджей Дуда вето қойды. Себебі заң жобасында Еуроодақ аумағынан тыс компанияларға поляк медиа бірлестіктерінің бақылаушы пакетін иеленуге тыйым салынған. Польшада бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасы халықтың наразылығын туғызып, желтоқсан бойы мыңдаған адам қатысқан шерулер өткен еді.

Светош Клицкий, Польша ақпарат министрінің орынбасары:

–Мұндай заң жобасын енгізуге тырысып, біз елдегі сөз бостандығы мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы плюрализмді елемегенбіз. Әрине құжатты кері қайтару арқылы жұмыс аяқталған жоқ. Бірақ біз телеарналардың саясатын бақылайтын боламыз. Егер конституциямыз бен көрермендеріміздің құқығы бұзылса, мәселе қайта көтерілуі ықтимал.