434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Франция Еуроодақтағы төрағалық қызметіне кірісті

  • 57
  • UPD: 22:16, 01.01.2022
Франция Еуроодақтағы төрағалық қызметіне кірісті

Франция жаңа жылдың бірінші күні Еуропалық Одақ төрағасы қызметіне кірісті, кезекті төрағаның құзыреттілігі алты айға созылады, деп хабарлайды Еuronews-ке сілтеме жасаған.

«1 қаңтардан бастап 30 маусымға дейін созылатын төрағалығымыздың мақсатына келер болсақ, өз шекарасы аумағында қызмет ететін Еуропадан толығымен тәуелсіз, өз тағдырына өзі басшылық ететін мықты Еуропаға айналу», - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Франция президенті «бұл егемендікке Шенген аумағының реформасы арқылы жету керек» деп ойлайды.

«Біріншіден, Шенгенді саяси басқаруды бекіту керек. Екіншіден, шекарадағы дағдарыс жағдайында жедел қолдау көрсету тетіктерін ойластыру керек», - деді ол. Эммануэль Макрон коронавирус пандемиясы тудырған экономикалық дағдарыспен күресу бойынша әріптестерінің әрекеттерін үйлестіріп отыруы тиіс. Адамдардың жағдайын ескере отырып, оның әлеуметтік шараларға баса назар аударғысы келеді. Наурыз айында дамудың жаңа моделін талқылау үшін қосымша саммит өтпек. Макрон ЕО-ға мүше барлық елдер үшін бірдей төменгі жалақы мөлшерін енгізуге тырысатын болады. Сонымен қатар ол жоғары технологиялық, денсаулық сақтау, қорғаныс салаларын нығайтуды және қоршаған ортаны белсенді қорғауды қолдайды. Париж басқа елдер астаналарын жаһандық климатты құтқаруға ынталандырады. Бірінші болып көмірқышқыл газының шығарындыларына салық салу мәселесі талқыланбақ.

Хабар 24 телеарнасы