Жапония өмір бойы коронавирустан қорғайтын вакцина жасап жатыр

Токио медицина институтының ғалымдар тобы өмір бойына коронавирустан қорғайтын иммунитет қалыптастыратын вакцина жасап жатыр.

The Japan Times басылымының хабарлауынша, клиникалық сынақтар 2023 жылы басталуы мүмкін.

Профессор Мининори Кохарай жетекшілік ететін мамандар негіз ретінде XVIII ғасырда британдық дәрігер Эдвард Дженнер ойлап тапқан қорасанға қарсы вакцинаны алды. Препарат құрамында адамға зияны жоқ сиыр шешегінің вирусы бар. Аталған вакцина адамзатты аман алып қалған. Жапондық ғалымдар қорасанға қарсы вакцинаның рекомбинантты вирусын жасауды ойлап отыр. Оның құрамында SARS-CoV-2 вирусының ақуызы болады.

Оқымыстылар пайымдауынша, бұл тәсіл коронавирустан өмір бойына қорғайтын иммунитет қалыптастыруға көмектеседі. Тышқандарға қорасанға қарсы вакцинаның рекомбинантты вирусының қолданылуымен тәжірибе жасалды, нәтижесінде антиденелер көрсеткіші жоғары болып, 20 айдан аса уақыт сақталды. Бұған қоса 20 айдан кейін құс тұмауы жұқтырылған тышқандар аман қалды.

«Мен аденовирус және РНҚ вакцинасы сияқты түрлі екпелердің технологияларымен жұмыс істеп көрдім, бірақ қорасанға қарсы вакцина вирусының векторын қолданатын препараттар ең мықты болып шықты», - деді Кохара.

Айтуынша, аталған вакцинаның кішігірім жанама әсерлері болады, сонымен қатар олар тасымалдау мен сақтау ерекше жағдайды қажет етпейді.

Сондай-ақ...