Америкалық астронавтар ғарышта 2030 жылға дейін қалады

Америкалық астронавтар Халықаралық ғарыш станциясында кемінде 2030 жылға дейін қалады, деп хабарлайды Хабар 24.

АҚШ билігі осы мерзім ішінде Еуропа, Канада, Жапония және Ресей сияқты халықаралық серістестермен бірлесіп жұмыс істеуді қалап отыр. НАСА басшыларының хабарлауынша, осы сәтке дейін Халықаралық ғарыш станциясында 3 мыңнан астам зерттеу жүргізілген. Бұл жұмыстарға бас-аяғы 110 елдің өкілдері атсалысты. Қазір кейбір мамандар Халықаралық ғарыш станциясы ескірді, оған күрделі жөндеу жасау керек деп есептейді.