74 жастағы француз Атлант мұхитын қайықпен жүзіп өтпек

Сөйтіп шамамен 90 күнде АҚШ-қа жетпек, деп хабарлайды Хабар 24.

Жан-Жак Савен – бұрынғы әскери. Қиындықққа мойымайтын саяхатшы, күніге 10 сағат ескек есіп, жүзіп отырмақ. Ол 8 метрлік қайығына 300 келідей керек-жарақ артқан. Оның ішінде шампан да бар. Оны Жан-Жак Савен қаңтардың 14-і күні 75 жасқа толу құрметіне ашуды жоспарлап отыр. Қария бұл сапарға алғаш шығып отырған жоқ. Ол 2 жыл бұрын дәл осы Атлант мұхитын 3 метрлік бөшкемен жүзіп өткен.   

Сондай-ақ...