Нью-Йорк омикронның ошағына айналды

Мұнда дерт жұқтырып, ауруханаға түскендер саны кейінгі он күнде екі есе артты, деп хабарлайды Хабар 24.

Емделіп жатқан науқастардың қатары қазір 9 мыңға жетіп қалды. Бұған дейін ковид күніге 100 шақты адамнан анықталса, қазір әр тәулік сайын 500- ден аса науқас тіркеледі. Осы Нью-Йорк штатында кешелі бері 88 адам коронавирустан көз жұмған. Қазір өңірде дерт жұқтырғандар саны 85 мыңнан асып кетті.