Нью-Йоркке жаңа мэр тағайындалды

АҚШ-тың ең ірі шаһары Нью-Йоркке жаңа мэр тағайындалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Эрик Адамс мегаполис тарихында екінші қаранәсілді басшы. 90-шы жылдардың басында Дэвид Динкинс те осы қызметті атқарған. Адамс халыққа арнаған алғашқы сөзінде қылмыспен күресті күшейтуге барын салатынын, оның ішінде полиция департаментін реформалайтынын айтты. Америкалық әкім бірінші жұмыс күнін метроға барудан бастады. Онда журналистермен сөйлесіп, шұғыл көмек қызметіне, станция жанында болған төбелес жайын хабарлап үлгерді. Қайткенмен 61 жастағы мэр сын кезеңге тап келіп отыр. Өйткені қазір алып шаһарды коронавирус кеулеп тұр.