434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытай билігі бала емізуге қатысты арнайы күрес жоспарын жариялады

  • 97
  • UPD: 13:18, 02.01.2022
Қытай билігі бала емізуге қатысты арнайы күрес жоспарын жариялады

Өйткені өткен жылы 6 айға дейінгі сәбилердің тек 29 проценті ғана ана сүтін емген, деп хабарлайды Хабар 24.

Үкімет бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 50 проценттен асырғысы келеді. Ол үшін жаңа туған баласы бар жас анаға бір сағат демалыс беру, түнгі жұмысқа шығармау, емізу кезеңінде жалақы мен әлеуметтік төлемдерді қысқартпауды ойластырып отыр. Ал Қытайда бала күтіміне байланысты еңбек демалысы тек 4 жарым айға ғана созылады. Жаңа туған балаға қажетті бір құты тағам 300 юань тұрады, бұл шамамен 21 мың теңге. 2020 жылы мұндағы нарықта жалпы құны 27 миллиард доллардан асатын жасанды сүт сатылған.

Фан Цзинь, қоғамдық қордың бас хатшысы:

– Біз зерттеу жүргізіп, емізуді ерте кезде тоқтату бірнеше факторға әсер ететінін анықтадық. Біріншіден бұдан отбасы зардап шегеді. Екінші кезекте зиянын бүкіл қоғам тартады. Ата-аналарға баланы емізу туралы білім жетіспейді.

Хабар 24 телеарнасы