Италияда қыста суға түсетіндер қатары азайып барады

Италия астанасы Римде сүңгуірлер 30 метрлік көпірден Тибр өзеніне сүңгіді, биыл суға түскендер саны төрттен аспады деп хабарлайды Хабар 24.

Суыққа шыныққан тұрғындар Жаңа жылды осылай қарсы алды. Бұл іс-шараның дәстүрге айналғанына 70 жылдан асқан. Бірақ биыл сүңгуірлер саны 4 адамнан көп емес. Алайда олардың ерлігін тамашалауға жүздеген кісі келді. Жиналғандар спортшыларға қошемет көрсетіп, қолдау білдірді.

Сондай-ақ...