ДДҰ басшысы пандемияны 2022 жылы аяқтаудың алғышартын атады

Гебрейесус өзінің жаңа жылдық жолдауында омикрон ковидінің жаңа нұсқасының пайда болу себебін асыра ұлтшылдық пен кейбір елдердегі вакциналардың артық қорымен байланыстырды, деп хабарлайды Хабар 24.

ВВС сайтында жазылғандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдері вакциналарды тарату кезіндегі әділетсіздік пен теңсіздіктерді жойса, 2022 жыл коронавирустық пандемияның соңғы жылы болуы мүмкін деп мәлімдеді. ДДҰ жақында өз азаматтарына үшінші екпе алуды ұсынған әлемнің бай елдерін бірнеше рет сынға алды, ал көптеген аймақта халықтың айтарлықтай бөлігі вакцинаның алғашқы дозасын да алмаған.

ДДҰ басшысының пікірінше, әділдік қағидаты неғұрлым ұзақ бұзылса, алдын-ала болжай да алмайтын вирустың одан әрі өзгеру қаупі соғұрлым жоғары болмақ. Сарапшылар вирустың жаңа мутациясы оның белсенді таралуы жағдайында, әлемнің әртүрлі елдерінде көбірек адамдар жұқтырған кезде пайда болатыны айтады. Әлем юойынша омикрон өршіп, ауру саны да күрт өсті, бірақ мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша жұқтырған адамдар ауруханаларда аз кездеседі.