Италияда 440 мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде мамандар 400-дан астам мигрантты құтқарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар Италия мен Ливия жағасының арасындағы халықаралық қолданыстағы аумақта 3 операция өткізген. Африкалық босқындар мінген кеме бірнеше күннен бері заңды түрде тоқтайтын жаға таппай жүрген. Оларды байқаған неміс құтқарушылары Италия билігінен рұқсат алып, Сицилия аралының Поццалло айлағына жеткізді. Жерторта теңізіндегі осы су жолы арқылы былтыр 67 мыңнан астам мигрант Еуропаға келген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.