Израильде құс тұмауынан бес мың тырна қырылды

Израильде құс тұмауынан қырылған тырналар саны 5 мыңнан асты. Осыған байланысты билік қорыққа келушілерді кіргізбей жатыр.

Үкімет елде жұмыртқа тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені сақтық шарасы ретінде қазірдің өзінде жүздеген мың тауықтың көзі жойылған. Бұл шара әлі жалғаспақ. Жұмыртқа шетелден де әкелінуі мүмкін. Індетке қарсы жағдайды талқылау және адамдар арасында таралмауы үшін премьер-министр Нафтали Беннет шұғыл кеңес өткізді.

Алдын ала ақпарат бойынша тұмау құсқа қорыққа келген балалардан жұғуы мүмкін.

Сондай-ақ...