Жаңа жылды Мадейра аралында қарсы алмақ болған саяхатшылардың жолы болмады

Жаңа жылды Португалияның Мадейра аралында қарсы алмақ болған «Эйда Нова» круиз лайнеріне мінген жолаушылардың жолы болмады.

Кемедегі 1353 экипаж мүшесінің 52-сі коронавирус жұқтырып, лайнер Лиссабонға аялдаған. Бірақ кемедегі 3 мыңға жуық жолаушының ешқайсынан вирус табылған жоқ. Дертке шалдыққандар Лиссабондағы қонақ үйге орнластырылып, карантинге алынды. Жергілікті билік саяхатшыларды тексерген соң лайнерге саяхатын жалғастыруға рұқсат берген. Енді круиз лайнері жаңа экипаж мүшелері келген соң Мадейраға емес, Канар аралдарына сапар шекпек.

Сондай-ақ...