АҚШ-та мыңдаған әуе рейсі кешікті

АҚШ-та демалыс күндерінен кейін үйіне оралған туристер көп қиындыққа тап болып жатыр.

Себебі коронавирус пен ауа райының қолайсыздығынан мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілді. Өткен күні Құрама Штаттарда 2300 рейс кешігіп, 10 мыңнан аса ұшақ ұша алмаған. Әуе көліктерінің көкке көтерілмеуіне, ең алдымен, экипаж мүшелерінің вирус жұқтыруы себеп. Осының салдарынан ұшқыштар жетіспей, бірлестіктер рейстерді кейінге шегеруге мәжбүр. Бұдан бөлек елдің кей аймақтарында қар жауып, боран соғып, ұшақтардың сапарлауына кедергі болған. Әуе компаниялары жағдай осы айдың ортасына таяу демалыс мезгілі аяқталар кезде тұрақталады дейді.