Сауд Арабиясына қар жауды

Сауд Арабиясында қар жауды. Бұған тұрғындар мәз. Өйткені бұл сирек құбылыс.

Халық күннің күрт суытқанына қарамастан көшеге шығып ақ ұлпаны тамашалап, әндетіп, би билеп жүр. Елдің солтүстік-батысындағы Табук қаласының маңында да қар жауған. Мұнда ақ ұлпаны көру үшін көрші аймақтардан да адамдар келген.