Санкт-Петербургте вакцина салғызбағандарға жаңа шектеулер қолданыла бастады

Санкт-Петербург қаласында коронавируспен күрес мақсатында екпе салдырмағандар үшін жаңа шектеулер қолданыла бастады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, азық-түлік дүкендерінен бөлек барлық сауда орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындарына тек вакцина салдырған немесе коронавирустан жазылып шыққан адамдар ғана кіре алады. Осы мақсатта бұл орындарда енді «кью-ар» код талап етіледі. Шара бұған дейін музей, театр, кинотеатр, көрме, спорттық залдарда енгізілген болатын. 

Алена, тұрғын:

- Кью-ар код халықты вакцина салдыруға итермелеп, екпе салдырушылар қатары арта түсер деп сенемін. Егер вакцина алушылар көбейсе бұған дейін болған жағдайлар қайталанбас еді деп ойлаймын.

Сондай-ақ...