434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әлемде ковид жұққан адам саны 300 млн жуықтады

  • 75
  • UPD: 14:28, 03.01.2022
Әлемде ковид жұққан адам саны 300 млн жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың қатары 300 миллионға таяп қалды. Соңғы айда бірқатар елде эпидемиологиялық ахуал нашарлаған. Кейбір елдер «омикронның тез таралуына байланысты науқастар саны әлдеқайда артады» деп қауіптеніп отыр.

АҚШ-та ауруханаға түскен науқастар саны күрт артуы мүмкін. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Энтони Фаучи осылай деп отыр. Бас ифекционистің пікірінше, бұған омикронның таралуы себеп. Қазір вирус жұқтырғандардың 60 проценті осы дертке шалдыққан.     

Энтони Фаучи, АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу оратлығының басшысы:

- Коронавирустың омикрон түрін жұқтырғандардың дельта штамына қарағанда ауруханаға аз түсіп жатқанына қарамастан денсаулық сақтау саласына салмақ күшею қауіпі жоғары. Мәліметтер омикрон дельтаға қарағанда аса қауіпті емес екендігін көрсеткенімен, екпе салдырмағандар үшін қатерлі бола бермек. 

Израильде қарттарға төртінші доза салынады

Израиль 60-қа толған қарттар мен медицина қызметкерлеріне вакцинаның төртінші дозасын салуға кірісіп кетті. Төртінші дозаны үшінші екпеден кейін 4 ай өткен соң қабылдауға болады. Бұл туралы Премьр-министрі Нафтали Беннет мәлімдеді. Шешім елде вирус жұқтырғандар санының қайта артып, омикронның таралуына байланысты қабылданған. Билік апта соңына қарай тәулігіне 20 мың адам дертке шалдығуы мүмкін дейді. Айта кетейік, 9 миллионнан астам тұрғыны бар Израильде 6 миллионға жуық адам толық екпе салдырған. Ал үшінші доза алғандар 4 миллионан асады. 

Нафтали Беннет, Израиль премьер-министрі:

- Өткен аптада біз халықтың ең мұқтаж топтарына төртінші доза сала бастадық. Бүгін жасы 60-тан асқан қарттар мен медицина қызметкерлерін егуді қолға алып, еліміз халықты вакциналау бойынша тағы да алдыңғы қатардағы мемлекетке айналды. Омикрон дельта емес. Бұл өзге дерт. Сондықтан біз оған қарсы шапшаң әрі шешімді әрекет етуіміз керек.

Антарктидада вирусты жаппай жұқтыру тіркелді

Коронавирус Антарктиданы да айналдырып тұр. Мұндағы Бельгияның ғылыми зерттеу орталығында 25 қызметкердің 16-сы дерт жұқтырған. Ауруға шалдыққандардың барлығы оқшауланып, ем-дом алып жатыр. Дәрігерлер науқастардың халі қалыпты екенін айтады. 

Дәурен Ақашұлы

Хабар 24 телеарнасы