Үндістанда жасөспірімдерді вакциналау басталды

Үндістанда бүгіннен бастап 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау басталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, екпе алуға 1 миллион 890 мың жеткіншек тіркелді. Кейінгі күндері Үндістанда коронавирус жұқтыру үш есе артып кеткендіктен, жастарды вакциналауды үдете түсу туралы шешім қабылданды. Дүйсенбі күні елде вирус жұқтырған 33 750 адам анықталды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері бұл көрсеткіш алғаш рет 30 мыңнан асып кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде омикрон штамы жастар арасында тез тараған. Үндістан әлем бойынша балалар саны жөнінен алдыңғы орында тұр. Елде 253 миллиондай жеткіншек бар.

Сондай-ақ...