Францияда вирустың бесінші толқынынан кейін індет басылуы мүмкін

Елдің денсаулық сақтау министрі Оливье Веран тақауда осылдай деді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның пікірінше, омикрон штамының таралуы иммунитеттің күшеюіне әкеліп, әлем халқының инфекцияға қарсы төзу қабілетін арттырады. Қазір Франция коронавирустың бесінші толқынын бастан кешіп жатыр. Өткен аптада елде 230 мыңнан астам науқас тіркеліп, бұл көрсеткіш бойынша жаңа антирекорд орнады. Бүгіннен бастап толық вакциналанған адамдар вирус жұқтырған жағдайда оқшаулану мерзімі қысқарады. Жаңа ереже бойынша бұрынғыдай 10 емес, 7 күн карантинде болуға тиіс. Ал тестілеу теріс нәтиже көрсетсе, тіпті оқшаулану мерзімін бес күнге дейін қысқартуға болады.