АҚШ-та аспалы жолға мұз қатып, адамдар вагонға қамалып қалған

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы тауларда аспалы жолға мұз қатып, екі вагон тоқтап қалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Біреуінде 20 адам, екіншісінде бір адам қамалып қалып, түні бойы шыға алмаған. Таң атқанда құтқарушылар оларға арқан байлап, жерге түсіріп алды. Ешкім жарақат алған жоқ.