АҚШ-та алғаш рет 3D принтерде басылған үйге отбасы қоныстанды

Оны салуға жоспарланған 4 аптаның орнына не бары 12 сағат кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үйдің кілті табысы төмен отбасыларды қолдау бағдарламасы аясында Вирджиния штатының тұрғынына табысталды. Үйде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Үш кең бөлме мен екі ваннада қалай көсілсеңіз де болады.

Құрылысшылардың айтуынша, үй салынған материал жылуды жақсы сақтайды әрі ұзақ уақыт бүлінбейді. Сондай-ақ принтерді қолдану арқасында құрылысқа кететін шығын да 15 процентке азайған.