Израильде әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Екі экипаж мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 1 ұшқыш жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Оқиға Хайфа қаласына жақын маңда оқу-жаттығу кезінде теңіз үстінде болған. Әзірге әуе көлігінің нақты неден апатқа ұшырағаны белгісіз. Апаттың себептері анықталғанша оқу-жаттығу тоқтатылды. «Қара қабылан» деп аталатын тікұшақтар да әзірге пайдаланылмайды.