АҚШ астанасы Вашингтонға көп жылдан кейін қалың қар түсті

АҚШ-тың шығыс бөлігі мен ел астанасы Вашингтонда боран соғып, қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйтқыған юоранның салдарынан мыңдаған әуе рейсі кейінге шегерілді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептер жабылып, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Шаһардың кей жерлерінде қардың қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жетті. Тіпті Джо Байденнің ұшағы Делавэр штатынан жарты сағатқа кешігіп ұшты. Ал Вашингтон кортежі кептеліске тап болды. Бірақ бұл біреуге әбігер туғызғанмен, біреулерге қызық. Өйткені шаһарда көп жылдан бері дәл мұндай қалың қар түспеген.

Мелисса, тұрғын:

– Маған құрбым хабарласып, далада бәрін қар басып қалғанын айтып, «жүр қар лақтырысып ойнайық» деді. Мен әзіл шығар деп шықсам, расында жер де аппақ, көк те аппақ.