Ресейдің Түмен облысында мұнай зауыты өртенді

Түмен облысындағы Антипин мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС-қа сілтеме жасап.

Агенттік дерекөзі Антипин мұнай өңдеу зауытында өрт шыққанын растап, өрттен зардап шеккендер жоқ екенін жазды.

Айта кетейік, Антипин мұнау өңдеу зауыты – Ресейдің ірі тәуелсіз мұнай өңдеу кәсіпорны. Ол Түменнің өндіріс аймағында орналасқан. Магистральдық мұнай құбырының қуаты жылына 7,5 млн тонна мұнай өндіреді. 2016 жылы Forbes рейтингісіне сәйкес, компания Ресейдегі 200 ірі жеке компания арасында табыс көлемі бойынша 43 орынға ие болды.

Сондай-ақ...