Байден демалысынан кейін Ақ үйге тікұшақпен бара алмады

Вашингтонда қалың қар жауып, федералдық мекемелер жабылды. Мектептерде сабақ болмайды.

Қоғамдық көлік қозғалысы шектеліп, тұрғындар әбігерге түскен. Ауа райының қолайсыздығын Ақ Үй басшысы да сезінген. Жаңажылдық демалыстан кейін Вашингтонға ұшып келген Джо Байден жарты сағаттай әуе кемесінен шыға алмаған. Ол ұшу-қону жолағын қардан тазартқанша күткен. Сосын Президент Ақ үйге әдеттегідей тікұшақпен емес, көлікпен жетуге мәжбүр болған.