АҚШ-та қолайсыз ауа райынан 850 мың үй жарықсыз қалды

АҚШ-та қолайсыз ауа райынан 850 мың үй жарықсыз қалды

Вашингтоннан бөлек ауа райының қолайсыздығы Мэриленд, Вирджиния, Нью-Джерси және Солтүстік Каролина штаттарының тұрғындарын да әлекке салды.

7 мың әуе сапары кейінге шегерілді. 5 мыңы ұшпайтын болды. 850 мың үй жарықсыз қалды. Табиғаттың тосын мінезінен 5 адам опат болды. Оның екеуі бала. Жолда жүздеген апат тіркеліп, біраз көлік қар құрсауында қалып қойған.