Ла Пальма аралында жанартаудан қашқан бір мың адам үйіне оралды

Испанияның Ла Пальма аралының халқы үйлеріне орала бастады. Мұнда былтыр қыркүйекте жанартау оянып, оның атқылауы тек желтоқсанның соңында ғана аяқталған. Енді билік 3 жарым айдай уақытша орталықтарды паналаған 1000 адамға үйлеріне қайтып оралуға рұқсат берді. табиғат апатынан біраз шығын келді. Мәселен, 3 мыңға жуық баспана тұруға жарамсыз болып, қирап қалды. Бір жарым мың футбол алаңына пара-пар егіс аумағы бүлінген.

БЛИЦ:

- Үйіме оралып, есікті ашқанда қуанышымда шек болмады. Алайда баспанасынан айырылған тұрғындарды ойлап, көңілім түсіп кетті. Ештеңе етпейді. Ең бастысы - адам шығыны жоқ. Өмір жалғасып жатыр.

- Біздің үйіміз қираған жоқ. Бірақ жолы болмаған адам қаншама? Оларға бәрін жаңадан бастауға тура келеді. Мен үйімнен айырылып қалсам, не істер едім? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Сондай-ақ...