Ресей азаматтары қазақстандық жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр

170-ке жуық отандасымыз Ресей әуежайларында елге орала алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сол елдегі елшіміз Ермек Көшербаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қазір қолдан келгеннің бәрі жасалып жатыр. Мәскеудегі меншікті тілшіміз Дана Нұржанның хабарлауынша, жергілікті әуежайларда қазақстандықтар аз. Өйткені авиакомпаниялар рейстердің кешігетінін алдын ала ескертіп жатыр. Сондай-ақ билет құнын қайтарып беру немесе кейінірек ұшуға кеңес береді. Ал елге орала алмай жатқан отандастарымыз үшін көмек тобы құрылып, жатын орын берілген.  

Айшолпан Аманбек, Қазақстан азаматы:

– Алдымен Самара не Омбыға жетіп алып, сосын автобуспен шекара асамыз ба деп ойладық. Алайда Мәскеуде тұратын қазақтар мен қырғыздар көмектесті. Олар бізді іздеп тауып, ватсаптағы топқа қосты. Сосын қажетті соманы жинап, баспана және тамақпен қамтамасыз етті. Оларға айтар алғысымыз шексіз.

Гүлзада, Мәскеу тұрғыны:

– Бір қыз әуежайда отырғанын және елге кете алмай жатқаны туралы жазыпты. Біз бірден ақша жинап, оған билет сатып алып бердік. Енді бірнеше сағаттан кейін ол үйінде болуы тиіс.

 

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды