Кипрде дельта және омикронның гибриді анықталды

Кипрде коронавирустың жаңа түрі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар оны дельта және омикрон штамдарының гибриді дейді. Жаңа мутацияға дельтакрон деген атау берілген. Оны 25 тұрғынның жұқтырғаны белгілі. Енді жергілікті мамандардың зерттеу нәтижелері халықаралық деректер қорына жіберіледі. Сондықтан ғалымдар әзірге дельтакронның басқа штамдармен салыстырғанда қаншалықты тез жұғатыны туралы қолда бар мәлімет жеткіліксіз дейді. 

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды