Украина қазақтары елімізге көңіл айтты

Жалпыұлттық аза тұту күнінде Киевтегі қазақтар қайғарып, көңіл айтуда. Олар Қазақстанның Украинадағы елшілігі ғимаратына келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр.

Елшілік ғимаратындағы мемлекеттік ту, бүгін төмен түсірілген. Жырақта жүрген қандастар арнамыз арқылы қазақ халқына көңіл айтып, өз лебіздерін жеткізді.

Алмагүл Кенжебаева, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Киевте бірнеше жылдан бері тұрып келе жатырмыз. Бізде осындай соғыстарда болдық, көрдік. Соның ішінде осы жақтағы қазақтар өзіміз басымыз бірігіп, тұтас болсақ, бізге ешқандай да жау тие алмасы анық деп білеміз. Біз неше күннен бері сол чаттарда араласып, бір-бірімізге көмектесіп осы жақта ұша алмай жатқан қандастарымызға көмектесіп, тамақтары мен тұратын жерлерін, елшілігіміз де біраз көмек жасап жатыр.

Сондай-ақ...