Францияда Қазақстанның туы төмен түсірілді

Шетелдегі еліміздің барлық дипломатиялық өкілдіктеріне Қазақстан халқының атына көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр.

Қазақстан Республикасының Парижде орналасқан ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінде Қазақстан Туы төмен түсірілді. Сондай-ақ Франциядағы Елшілік ғимараты да қара жамылды. Шетелдіктер қазақ еліндегі қиын жағдайдың тез арада оңалғанын тілеп жатыр. Барлық Елшіліктер жанында рейсі кейінге шегеріліп, жолдан қалған отандастырымыз үшін жедел байланыс желілері іске қосылды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар – Жалпыұлттық аза тұту күні