АҚШ-та дәрігер жетіспей жатыр

АҚШ-та дәрігер жетіспей жатыр. Омикронның жылдам таралуы жағдайды ушықтырып жіберген.

Қазір әрбір төртінші ауруханада кадр тапшылығы өткір сезіліп отыр. Осыған байланысты кейбір мекемелер вирус жұқтырған, бірақ ауруы еш белгісіз өтіп жатқан дәрігерлерді жұмысқа шығаруға мәжбүр. Ондай қызметкерлер тек коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейді. Сонымен қоса біраз қызметкер вакцина салдырмағаны үшін жұмыстан шеттетілген. Ал АҚШ вирус жұқтыру бойынша әлемде қазір бірінші орында тұр. Соңғы мәліметке сәйкес, науқас саны 60 миллионнан асып кеткен. Олардың көбі омикрон жұқтырған. Арасында балалар да жетерлік.