Италия мектептері ковидке байланысты жаңа ережелер енгізді

Еуропа елдерінде рождестволық демалыстан кейін мектептер қайта ашыла бастады. Алайда ана-аналар мен мұғалімдер алаңдаулы. Өйткені омикрон өршіп тұр. Сондықтан әзірге балалардың қашықтан оқығанын қалайды.

Бірақ Испанияда мектептер қайта ашылды. Ал Италияда 100 шақты муници-палитет басшылығы, ойлана келе, бұл шешімді кейінге шегеруді ұйғарған. Ал қалғаны жаңа ережелер енгізді. Мәселен, егер сыныпта бір оқушының вирус жұқтырғаны расталса, өзгесі карантинге жіберілмейді. Бұрынғыша офлайн оқи береді. Тек мектепте бетперде киіп, ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге тиіс. Егер сыныпта бір емес, екі оқушыдан вирус анықталса, онда вакцина салдырған балалар ғана сабаққа қатыса алады. Тек 3 дерек расталған кезде ғана, бүкіл сынып қашықтан оқитын болады.