434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Солтүстік Корея ұшырған зымыранға бірақатар ел алаңдап отыр

  • 109
  • UPD: 17:51, 17.01.2022

Солтүстік Корея Шығыс/Жапон теңізіне қарай тағы да гипердыбысты зымыран ұшырды. Оның қаншалықты зардабы бары белгісіз.

Бұл ел өткен аптада ғана осындай зымыран атқан болатын. Ол 700 шақырымға дейін ұшып барған. Естеріңізде болса, Ким Чен Ын жаңа жылдың алдында ғана әскери әлеуетті одан әрі күшейтетінін айтып, жұртты шошытқан еді. Ал зымыранның ұшырылуына Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ үкіметтері алаңдап отыр. Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті «Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарарына қайшы келеді» деп мәлімдеді.

Линда Томас-Гринфилд, АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

– Біз Солтүстік Кореяның тағы да зымыран атқан әрекетін айыптаймыз. Бұл мәселені Қауіпсіздік кеңесінде талқылаймыз. Түпкі мақсатымыз – Корея түбегін ядролық қарудан азат ету. Осы бағытта дипломатиялық келіссөздер жүргізуге дайынбыз. Енді Солтүстік Коря заңсыз әскери бағдарламаны дамытудың орнына, бейбітшілік жолын таңдауы керек.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы