Адамға доңыздың жүрегі салынды

Америкалық дәрігерлер науқас адамға доңыздың жүрегін салды. Бұл медицина тарихында алғашқы тәжірибе.

Сондықтан операцияның нәтижесі туралы, кесіп-пішіп айтуға әлі ерте. Мэриленд университетінің Медицина мектебі дәрігерлерінің айтуынша, 57 жастағы ер адам қазір өзін жақсы сезінеді. Үш күн бұрын оған доңыздың жүрегі салынбаса, өміріне қауіп төнер еді, дейді мамандар. Мұндай операцияны дәрігерлер бұған дейін бірнеше рет жасауға ұмтылған. Бірақ барлығы сәтсіз аяқталған.