434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуропарламент төрағасы Давид Сассоли қайтыс болды

  • 48
  • UPD: 22:23, 11.01.2022
Еуропарламент төрағасы Давид Сассоли қайтыс болды

Еуропарламент төрағасы Давид Сассоли 11 қаңтар күні 65 жасында дүниеден озды, деп хабарлады Euronews.

Бұл туралы Сассолидің хатшысы Роберто Куилло Twitter парақшасында жазды.

Сассоли Фриули-Венеция-Джулия өңіріндегі Авиано қаласындағы ауруханада көз жұмған.

Сассоли бұрынғы кәсіби журналист. Ол бірнеше жыл бойы Rai мемлекеттік арнасында жаңалықтар жүргізушісі болып қызмет атқарды.

2009 жылы Сассоли Демократиялық партия тізімі бойынша Еуропа парламентіне сайланды. 2019 жылдың 3 шілдесінде Еуропарламент төрағасы болып сайланған. Мандатының мерзімі биылғы жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс. Бір ай бұрын Сассоли «еуропалық басым көпшілікті бөлмес үшін» Еуропарламент спикерлігіне өз кандидатурасын ұсынбайтынын жариялады.

Айта кетейік, Сассоли Антонио болса Таяниден (2017-2019) кейін ЕП спикері қызметін атқарған екінші итальян.

Хабар 24 телеарнасы