Дельтакрон терминін мүлде қолданбау керек – ДДСҰ

Өйткені мұндай атау зертханадағы қателіктің салдарынан пайда болған, деп хабарлайды Хабар 24.

Дельтакрон зертханадан зерттеу үшін үлгі ретінде алынған вирустың ластанған түрі болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қарасты техникалық топтың басшысы Мария ван Керк-хове мәлімдеді. Сондай-ақ ол дельтакрон деген терминді мүлде қолданбауға шақырды, өйткені бұл вирус екі мутацияның қосындысы емес. Осының алдында Кипр ғалымдары дельта мен омикрон штамдарының бірігуінен коронавирустың жаңа түрі пайда болды деп жар салған еді.

Олардың хабарлауынша, инфекция аралдың 25 тұрғынынан анықталған.