АҚШ-та медициналық тікұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Пенсильвания штатында медицина тікұшағы апатқа ұшырады, алайда адамдар дін аман деп хабарлайды Хабар 24.

Оқыс жағдай Филадельфия қаласында болған. Ауруханаға қайтып келе жатқан ұшақта 3 экипаж мүшесі мен бір нәресте болған. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы аман. Полиция апат себебін анықтап жатыр.

Тимоти Бернхардт, полиция қызметкері:

– Түскі бірлер шамасында тікұшақ құлады деген хабар түсті. Офицерлер мен өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келді. Құлаған әуе кемесінде 4 адам болған. Бәрі тірі қалған. Бұл керемет жағдай.