434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19 пандемиясынан кейін әлем қалай өзгереді

  • 59
  • UPD: 11:29, 12.01.2022
COVID-19 пандемиясынан кейін әлем қалай өзгереді Фото: parade.com

Ресейлік маман, Чумаков атындағы орталық директоры Айдар Ишмухаметов COVID-19 пандемиясы қашан бітетінін және пандемия ақталған соң адамзатты не күтіп тұрғанын айтты.

Сарапшының айтуынша, инфекцияның белсенді таралу фазасы кемінде тағы бір жылға созылады, яғни COVID-19 кәдімгі «маусымдық тұмауға» айналғанша күту керек.

«Бұл цикл тағы бір жылға созылады деп ойлаймын. Сонан соң тұмау түріне қарай жыл сайынғы вакцинацияға көшеміз. COVID-19-ға қарсы вакцина да екпе күнтізбесіне енеді», – деді ол.

Осылайша пандемиядан соң да адамзат вирустан қорғануды тоқтатпайды.

Ишмухаметовтің айтуынша, бір жылда коронавирус штамдарының бірі, оның ішінде омикрон басқаларын ығыстырады.

Хабар 24 телеарнасы