Солтүстік Корея зымыранын сәтті ұшырғанын мәлімдеді

Солтүстік Корея гипердыбысты зымыранын сынақтан сәтті өткізгенін сүйіншіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Ресми Пхеньяннің мәлімдеуінше, снаряд мың шақырым жердегі нысанаға дөп тиген. Сынақты көсем Ким Чен Ынның өзі бақылап тұрған. Ол әскерді бұдан да күшейте түсу керек деп тағы да сес көрсетті. Жыл басынан бері Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірінен соң бірі 2 зымыран ұшырды. Бұл кейбір елдердің үлкен алаңдаушылығын тудырып отыр. Оңтүстік Корея, Жапония мен АҚШ «мұндай әрекет бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп есептейді