Индонезияда үшінші доза ақылы болады

Индонезия тұрғындары үшін бустерлі доза ақылы болмақ, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Тегін ревакциналаудан тек қарттар мен жағдайы жоқ мұқтаж адамдар ғана өте алады. Қоғам бұл шешімді әртүрлі қабылдап жатыр. Сарапшылар тұрғындардың теріс реакциясы ревакциналау қарқынын тежейді деп есептейді. Үкімет әзірге үшінші дозаның құны қанша болатынын ашық айтқан жоқ. Бірақ интернетте «АстраЗенека» екпесі 3 доллар, ал «Файзер» бустері 23 доллар болатыны жазылып жатыр.

Сондай-ақ...