Бельгия вакциналау паспортына қатысты жаңа ереже енгізді

Вакциналау сертификаты бустерлік доза салдырған соң ғана беріледі. Бельгияда осындай тәртіп.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, уақыт өте препараттың алғашқы екі компонентінің әсері азаяды. Ал қайта вакциналау ағзаның індетке қарсы тұру қабілетін арттырады. Оның үстіне қазір елде омикрон тез тарап барады. Осыған байланысты билік науқастарды ауруханаға жатқызу тәртібін де өзгертті. Бұған дейін короонвирус жұқтырғандар үшін жансақтау бөліміндегі төсек орындардың тең жартысы сақталып келді. Салдарынан басқа науқастарға орын болмады. Енді ковидтен емделушілер өзгелер секілді кезек күтпек.

 

Сондай-ақ...