БҰҰ: Ауғанстан кедейшілік зардабын тартып отыр

БҰҰ Ауғанстан азаматтарына гуманитарлық көмек көрсету бағдарламасын жария етті.

Халықаралық бірлестік бұл мақсатқа 4 жарым миллиард доллар қажет екенін айтады. Осыған әлемдік қауымдастықтан шұғыл көмек сұрап отыр. Ақша уақытша орталықтар салуға, ауыз су жеткізіп, ауру және аштықпен күреске жұмсалады.

БҰҰ мәліметіне сәйкес, бүгінде 39 миллионға жуық Ауғанстан тұрғынының жартысынан астамы, дәлірек айтсақ, 22 миллионы шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. Көрші елдерге бас сауғалаған тағы 5 жарым миллион ауғанға да жәрдем керек. Бұған АҚШ билігі 308 миллион доллар бөлуге келісіп отыр. 

Мартин Гриффитс, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық сұрақтар бойынша орынбасары:

- Біз әлемдік қауымдастықтан 2022 жылы Ауғанстанға гуманитарлық көмекке 4 миллиард 400 миллон доллар сұрап отырмыз. Бұл бір мемлекет үшін рекордтық сома. Қазір елде гуманитарлық ұйымдар жұмыс істеп жатыр. Бірақ олардың жергілікті халыққа көмек көрсетуі үшін қаржы керек.

Негізі мамандардың алаңдауы бекер емес. Өйткені сарапшылардың топшылауынша, биыл Ауғанстан халқының 97 проценті кедейліктің зардабын тартуы мүмкін. Жағдайдың былай ушығуының бірнеше себебі бар. Былтыр тамызда билік басына тәліптер келгеннен кейін көп мемлекет қаржылай көмек бағдарламаларын тоқтатқан. Оның үстіне елді қуаңшылық жайлап, егін дұрыс шықпады. Ол аздай, биыл қыс та суық болып, тұрғындардың жағдайын тіптен қиындатып жіберді.

Сондай-ақ...