Венесуэланың мұнай-газ құбырында жарылыс болды

Венесуэланың солтүстігінде орналасқан мұнай-газ компаниясының құбырында жарылыс болды.

Оқиғадан 3 адам жарақат алған. Қазір өртпен ондаған маман арпалысып жатыр. Жақын маңда орналасқан тұрғын үйлерден халық эвакуацияланды. Оңтүстік Америка республикасының мұнай өнеркәсіп министрлігі жарылыс қасақана ұйымдастырылуы мүмкін деген ақпарат таратты. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары  басталды.