Квебекте вакцина алмағандар салық төлеуі мүмкін

Канаданың Квебек провинциясында вакцина салдырмағандар салық төлеуі мүмкін.

Алым сомасы әзірге белгісіз.

Бірақ аймақ басшысының мәлімдеуінше, салық көлемі 100 канадалық доллардан кем болмайды. Бұл шамамен 35 мың теңге. Жаңа ереже медициналық себеп бойынша екпе қабылдай алмайтын тұрғындарды қамтымайды. Негізі 8 миллион тұрғыны бар Квебек провинциясында вакцина салдырмағандар халықтың 10 процентін құрайды. Алайда билік "ковид жұқтырып, ауруханаға түскендердің тең жартысы екпе алмағандар, бұл денсаулық сақтау саласына үлкен салмақ" деп есептейді.

Сондай-ақ...