434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мексикада вирус жұқтырудан антирекорд тіркелді

  • 54
  • UPD: 15:38, 13.01.2022
Мексикада вирус жұқтырудан антирекорд тіркелді

Мексикада коронавирусты күнделікті жұқтыру бойынша жаңа антирекорд тіркелді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 33 мың 626 адам ковидке шалдыққан. Соңғы рет 30 мың науқас 8 қаңтарда анықталған болатын. Бірақ жұқтырғандар саны артқанымен ауруханаға түсіп жатқандар қатары аз. Сарапшылар адамдар қазір былтырғыдай емес, ауруханада емделуге аса құмар емес дейді. Бұл елде вакциналау қарқыны жоғары. Ересек тұрғындардың 88 проценті толық екпе салдырған.

Клаудия Шейнбаум, Мехико мэрі:

- Біз тестілеуді жиілеттік. Қазір күніне 30 мыңнан астам тест алынып жатыр. Бұл жағынан Мехико ел бойынша көш бастап тұр. Ауруханаларда көп орын бар. Ковид жұқтырған адамдар мұны біліп жүрсін.

Хабар 24 телеарнасы