Мексикада коронавирусты жұқтырғандар саны күрт өсті

Мексикада дертке шалдыққандар қарасы артты, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы бір тәулікте коронавирусты 44 мыңнан аса тұрғын жұқтырып, елде тәуліктік рекорд орнады. Бірақ вирусты жұқтырғандар саны артқанмен ауруханаға түсіп жатқан науқастар қарасы аз. Дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер былтыр жыл басында індет қатты өршіген мезгілден 85 процентке төмен. Вирустың таралуы күшеюіне байланысты тест орталықтарында тексерушілер қарасы көп. 

Клаудия Шейнбаум, Мехико мэрі:

– Біз тестілеуді жиілеттік. Қазір күніне 30 мыңнан астам тест алынып жатыр. Бұл жағынан Мехико қаласы ел бойынша көш бастап тұр. Ауруханаларда да науқастарды емдейтін төсек орын жеткілікті.