Колумбияда күшейткіш дозаны алғысы келетіндер көбейді

Колумбияның вакциналау орталықтарында да соңғы күндері ұзын сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оған биліктің бустерлі дозаны салдыру мерзімін 6 айдан 4 айға дейін қысқарту туралы шешімі түрткі болды. Президент Иван Дукенің осындай мәлімдемесінен кейін үшінші дозаны алуға асыққан жандар күрт өскен. Себебі елде жаңа жылдан кейін індеттің таралуы күшейген. Колумбияда қазірге дейін халықтың 60 процентке жуығы толық егілген.

Мигель Анхель Пинилья, тұрғын:

– Алдында бустерлі дозаны алу мерзімі тым ұзақ болған. Биліктің оны салдыру уақытын қысқартқаны жақсы болды. Бұл коронавирустың жаңа түрінің таралуына қатысты өте дұрыс шешім деп саанймын.